Келес ауданында 2 ауылдың халқы 30 жылдан бері сапалы ауыз суға зар

128
02.12.2022 03:38

Түркістан облысы, Келес ауданында екі ауылдың халқы отыз жылдан бері сапалы ауыз суға зар. Өзбекстанмен шекаралас елдімекендерді сумен қамтуға бюджеттен 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Алайда геологиялық зерттеу қортындысы берген тереңдіктен су шықпай, жұмыс созылып келеді. Уәде етілген қараша айында сапалы суға қол жеткізе алмаған жұрт әлі күнге арық суын ішуге мәжбүр.

Алты мың халық тұратын Алпамыс батыр ауылында көшелер қазылып, ми батпаққа айналған. Мердігердің мардымсыз жұмысы салдарынан қазылған шұқырлар ашық-шашық күйде қалған. Жаз бойы тоқтап тұрған жұмыс қараша айында ғана басталыпты. Ал, таза су ішеміз деп жүріп балшыққа батқан халық жолдарды жөндеп берсін деген талап қойып отыр.