Екібастұздағы апаттың басты себептері айтылды

144
02.12.2022 03:34

Жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығынан Екібастұздың тұрғындары жылусыз отыр. Техногенді апат болған қалаға жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр осылай деді. Әлихан Смайылов қалалық Жылу электр орталығындағы ахуалмен және жауапты сала өкілдерінің баяндамаларымен танысты. Сондай-ақ ол апаттың себептерін анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанымен танысып, төтенше жағдай зардабын жою бойынша кеңес өткізеді.