Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Сатыбалды Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Өңір басшысының міндетін атқарушы Қазақстан мен Венгрия арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвестициясын тартуға, екі жақты қарым-қатынасты тереңдете түсуге мүдделі екенін айтты. Кездесу соңында екі тарап естелік сыйлықтар алмасып, екіжақты байланысты нығайта түсу жөнінде уағдаласты.