Өзбекстанмен шекарада контрабанда және заңсыз адам өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Ішкі Істер Министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 5-і департаменттері «Қазығұрт» кеден бекетінде арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде, ірі көлемде ақша және суық қару тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл қылмыстық топ жүк көлігінің ел аумағына кедергісіз кіруі үшін 200 мың теңге пұл алып отырған екен. Сонымен қатар, көрші ел азаматтарының Қазақстан аумағына кіруіне көмектесіп отырған.