Жыл соңы, жергілікті атқарушы орган басшылары біртіндеп есеп беруде. Соңғылардың бірі болып Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбай журналистермен жүздесіп,10 айдағы атқарылған жұмыстарына талдау жасады. Аталған өңірде бюджеттің кірісіне 2871,2 млн. теңге түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 23,7 млн. теңгеге артқан.Ал инвестиция көлемі 18 178,8 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 126,1% құрады. Ауыл шаруашылығы бойынша 56 828 млн. теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, 50 800 млн.теңге өнім өндіру тапсырмасы толық орындалыпты. Бұған қоса Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастап тұр. Шаруа қожалықтары жаңа инновациялық әдістерді кеңінен қолданып, пияз өсіруді жолға қойған.