Түркияның Мәдениет және туризм министрінің мәліметінше, Анадолы еліне әлемнің әр түкпірінен күніне 150 мың турист келеді. Биыл 42 миллион турист қабылдап, 35 миллиард доллар табыс табамыз деген жоспарлары бар. Өзге мемлекеттерден келетін саяхатшылардың санын арттыру үшін - ел үкіметі бір Стамбұл қаласының өзінде 100-ге жуық туристік орталықтың маршрутын белгілеп қойған. Мақсат шетелдік меймандар - серуендейтін, тамашалайтын, уақытын қызықты әрі тиімді өткізуіне барынша жағдай жасау. Әйгілі Айя-софия, Сұлтан Ахмет мешіті, Топкапы сарайы, Галата көпірі, Қыз мұнарасы секілді тарихи-туристік нысандардың маңайы түн қарайғанша туристерге толы. Кешкі Стамбұлдың тыныс-тіршілігі туралы репортаж.