Олигархтар еліміздегі жылу электр орталықтарының пайдасын сүліктей сорып, енді проблеманы мемлекетке, халыққа ысыра салмақ. Осылай деген мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Екібастұздағы жағдай бойынша Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдады. Халық қалаулылары техногенді апат болған қалаға барып, жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдаған. Ерлан Саиров депутаттық сауалға заңда көрсетілген мерзімде жауап беруді сұрап, Үкіметке бірнеше мәселелерге назар аударуға шақырды.