Түркістан
EN

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен Елисей сарайында кездесті

91
30.11.2022

Парижге ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Айта кету керек, Франция 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 17 млрд доллар инвестиция құйып, ең ірі бес инвестор елдің қатарына кірді. Соңғы 9 айда екіжақты тауар айналымы 2,5 млрд долларға жеткен. Келіссөз кезінде тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде пікір алмасып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азия өңіріндегі жағдайларды талқылады.