Түркістанда заңсыз құрылысқа тыйым болмай тұр. Соңғы екі жылда шаһарда 457 нысан ешқандай жобалау құжатынсыз, сәулеттік жоспарсыз және техникалық сараптамасыз салынғаны анықталған. Сондай бір жергілікті кәсіпкердің 65 млн теңге қаржы жұмсаған нысаны жұмысын тоқтатты. Толығырақ Айдос Игіліков әңгімелейді.
Фархад Батиханов Түркістанды түлетіп, кәсіп ашып, оның нәсібін көрсем деген азаматтың бірі. Алайда қолға алған мына нысанды осыдан 2 ай бұрын қаланың сәулет және құрылыс бөлімінің мамандары заңсыз деп таныды. Және жер телімі құжатта, автожолға арналған. Құзыретті орган құрылыс жүргізуге рұқсат бермеген. Соған қарамастан қала тұрғыны нысанды салуды 2 ай бұрын бастап кеткен.
65 млн теңге жұмсаған бұл азаматтың жағдайымен әкімдіктегілер хабардар екен. Тіпті талай рет ескерткенін жасырмады. Мамандар заң ортақ, сондықтан құрылыс бастарда құжат әзірлеуге кезінде сақ болуға шақырады.
Былтырғы жылы Түркістанда 300 ден астам заңсыз құрылыс жүргізген кәсіпкерлер анықталған. Биыл 11 айдың ішінде 157-ге жетті. 49 нысан иесін сотқа берсе, 28 айыппұл салынып, 2 нысан сүрілген екен. Ал нормативке сай жұмыс жасамағандарда жетерлік дейді- Сәулет және құрылыс бөлім басшысы Айдос Кентугаев.
Естеріңізге сала кетейік қаланың бас жоспары 2020 жылы 25 қарашада бекітілген болатын. Жаңадан облысы орталығы болып құрылғалы, Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасына айналды. Енді заңды құрылыс тоқтаса ол елдің де қауіпсіздігі екені анық дейді мамандар.