Бүгін дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрыңғы басшысы Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті. Бірер күн бұрын оның қатты сырқаттанып, жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Әбсаттар Бағысбайұлы 1947 жылы қазіргі Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдаған. 1975 жылы КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. Әбсаттар қажы Дербісәлі Мүфтиятты 10 жылдан астам басқарып, асыл дінімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосты. Қайғылы жағдайға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.