Екібастұздағы жағдайдан бүкіл әкімдер қорытынды шығаруы керек. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайлылов осылай деді. Сондай-ақ қаладағы жағдайды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. Айта кетсем, Екібастұз қаласындағы көп қабатты 17 үй мен 5 әлеуметтік нысанға жылу әлі берілген жоқ. Жөндеу жұмыстары магистралдің негізгі ақау шыққан жерінде жүріп жатыр. Стратегиялық нысан басшылығы Екібастұз қаласын жылусыз қалдырған ақау желіде пайда болды, соның салдарынан қазандықтар жұмысын тоқтатты деп мәлімдеген болатын. Ал стансада тексеруді бастаған өкілетті орган кәсіпорында да ақау болғанын анықтады.