Түркістан облысында «жайлы мектеп» жобасы арқылы 63 мектеп салынады. Бұл жөнінде облыс әкімінің міндетін атқарушы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста айтылды. Жиында аймақтағы мектеп тапшылығын жою, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу бағытындағы жұмыстар сөз болды. Қазір 55 мектеп салынатын жер учаскісі белгіленген. Ал 2024 жылы жалпы 29 оқу ордасының 2025 жылы 34 мектептің құрылысын аяқтау межеленген. Дархан Сатыбалды аталған нысандарға қажетті жерді, инфрақұрылымды, газ, электр, су мәселелерін жедел шешу жөнінде тапсырма берді.