Түркістан
EN

Бәйдібек ауданында интернет сапасы қашан жақсарады?

368
29.11.2022

Өркениеттен алыс өмір сүріп жүрміз. Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданының тұрғындары сапасыз байланыс пен интернеттен әбден мезі болып отыр. Өйткені, мұнда байланыс операторларының мұнарасы жоқ. Ауылдағы ағайын көршілес елді мекендерден тарайтын желіні пайдаланады. Салдарынан ғаламтор нашар, ұялы байланыс мардымсыз. 

«Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызатын» интернет көп ауылға жылдам түгілі, жылдап жетпей тұр. Əлі де келмейтін сыңайлы. Бәйдібек ауданындағы елдімекен тұрғындары талай жылдан бері сапалы байланыс пен интернетке жарымай келеді. Тұрғындар мәселені айтып, бармаған жеріміз жоқ дейді. Солардың бірі ауданын тұрғыны Жұмаділла Сүннәтұлы. Ол проблема шешілмеген соң, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзіне талай хат жазған. 

Бәйдібек ауданының тұрғыны Жұмаділла Сүннәтұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды: «Түркістан облысының Прокуроры М. Алиханов 2020 жылы Бәйдібек ауданында жеке қабылдау өткізгенде Актив ұялы байланысының, интернетінің өте төмен екенін айтқан болатынмын. Бәйдібек аудандық Прокуратурасы қызметкерлері тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп барлық кемшіліктер анықталған, дегенмен де осы уақытқа дейін ешқандай оң нәтиже жоқ екенін айттым. Бәйдібек ауданы бойынша қаншама халық сапалы байланыс пен жүйрік интернетке зәру екенін ескерсе, секундына миллиондап қаржы түсіп жатқан алпауыт операторларға заң жүрмейді ма? Халықтың жан-айқайы қашан ескеріледі?»

Мәселені Бәйдібек ауданының басшысы Ержігіт Жамалбекұлы да мойындап отыр. 

ЕРЖІГІТ ШӘРІПБЕКОВ – БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  - Байланысқа байланысты айтар болсақ, Біз қосымша күшейту жұмыстарын жүргізбекпіз. Тізімге 16 ауылды еенгізіп өтініш бергенбіз.Қазір күтудеміз. Ьиыл жылдың соңына дейін біраз елдімекендерді аяқтаймыз деген болатын. Қазір жыл аяқталуға 1-ақ ай қалды. Қаншалықты үлгеретінін алдағы уақытта көреміз.

Сондай-ақ аймақ басшысы 10 айдың қорытындысы бойынша өткізген баспасөз мәслихатында 3 елдімекенге асфальт төселіп жатқанын айта кетті. 

ЕРЖІГІТ ШӘРІПБЕКОВ – БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  - Бізде Шөкеев, Әуезов, Қарашұлы көшелері бар. 3 көшені жөндеуге 50 млн. теңгеден бөлінді. Көшелерді жөндеудің жалпы құны 170 млнү теңгенң құоайды. Қазіргі таңда жанеындағы лоток қою, бордюр қою жұмыстары жүргізілуде.

Оған қоса, аймақ басшысы Бәйдібектегі 9 ауылдың электр бағаналары ауыстырылғанын айтты. Аудан әкімінің айтуынша қазіргі таңда 28 елдімекенді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін тиісті құжаттар даярлануда.