Түркістан
EN

Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді

91
29.11.2022

Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Семей қаласында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқып жатыр. Ал Шығыс Қазақстанда соңғы үш тәуліктен бері сары аяз сақылдап тұр. Бірақ оған қарамастан жолға шығып далада қалған жүздеген адам құтқарылды. Әсіресе Зайсан мен Тарбағатай ауданындағы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дамыл тапқан жоқ. Екі күн бұрын Қаратал ауылының маңында екі шопан адасып кетіп, құтқарушылар жедел қимылдап тауып алды. Жалпы күн райының қолдайсыздығына байланысты республикада 9 тас жолы жабылып, оларда шамамен 300 көлік қалған. Арасында жолаушылар мінген автобустар да бар. Олардың барлығын құтқарушылар қар құрсауынан шығарып, діттеген жеріне жеткізді.