«2 млн теңге бересің немесе жұмыстан шығасың». Жетісайлық тәртіп сақшылары медицина қызметкерін дәл осылай қорқытып, бопсалаған күдіктіні құрықтады. Мұндай әрекетке баруына өзіне көрсетілген медициналық қызметке көңілі толмауы себеп болған. Қазіргі уақытта бопсалау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Оқиғаның барлық мән жайы анықталып жатыр.
ҒАЛЫМБЕК ТҰРЫСБЕКОВ - ТО ПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі "бопсалау" бойынша Жетісай АПБ-де тіркеді. Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысының полиция департаментінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жетісай АПБ криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні 1,5 миллион теңгеге жуық ақшаны алған кезде анықтап, ұстады. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлел ретінде жедел уәкілдер ер адамнан ақша тәркіледі.