Отырарлықтар 90 жыл бойы күткен сағыныштарына бүгін қол жеткізді. Аудан орталығы Шәуілдірліктер көгілдір отынның шарапатын көрмек. Көпшілік бұл күнді асыға күткенін айтады. Тоғыз жолдың торабы Арыс қаласынан соң облыс әкімі киелі Отырар өңіріне атбасын бұрып, тұрғындармен кездесіп, бірнеше маңызды нысандарды аралады. Алдымен 50 МВТ күн электр станциясы құрылысымен танысты. Содан кейін, көгілдір отынды беру рәсіміне қатысты. Облыс басшысының Ұлылар Отанына барған сапары тілші репортажында.