Түркістан
EN

Ақылы жолдардан 25 млрд қаржы түсті

103
25.11.2022

Ақылы жолдардан 25 млрд қаржы түсті. Бұл ақшаның бір бөлігі алдымен жолдарды күтіп ұстау мен ақы төлеу жүйесіне жұмсалады. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Бүгінде ел бойынша 2,2 мың шақырымды құрайтын 11 ақылы жол учаскесі бар. Ақылы жолдардың тарифі 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. Енді жыл соңына дейін көліктің барлық түрлері жаңа абоненттік төлемге көшеді. Мамандардың айтуынша, ресімдеу тәртібі жуырда «Қазавтожол» сайтына шығады.