«Түркістан» телеарнасында жаңа айдар өз жұмысын бастады. Енді көрермендер мен тұрғындар ең үздік бейнежазбасын бізге жолдай алады.Ол арқылы сіз қала мәдениетін дамытып,қоғамға өз пайдаңызды тигізе аласыз. Алғаш теларнамызға келіп түскен осындай бейнежазбалардың бірін назарларыңызға ұсынамыз.
Дәл осылай сіз де «Әуесқой репортер» атана аласыз. Егер сіз өңірдің мәселелерін көрсеткіңіз келсе немесе қызықты оқиға мен қоғамдағы заң бұзушылыққа куә болсаңыз бізге жолдауға асығыңыз! «Түркістан» телеарнасы сіз жіберген бейнежазбаның өзектілігі мен эксклюзивтілігіне қарай қабылдап, 300 мың теңгеге дейін сыйақы береді. Ол үшін bolis.turkistan.tv сайытына тіркелеп, бейнежазбаңызды жүктесеңіз жеткілікті.