Түркістан
EN

«Қыс-2022» оқу-жаттығуы өтті

86
25.11.2022

 

Түркістанда төтенше жағдайда жұмыла жұмыс істеуі тиіс қызмет түрлері дайындықтарын пысықтады. «Қыс – 2022» оқу жаттығуы кезінде шартты түрдегі оқыс оқиғалар әзірленіп, құтқарушылар, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет түрлері дабылмен көтерілді. Мұндағы мақсат - төтенше жағдай туындаған кезде халыққа жедел көмек көрсету шараларын пысықтау.

«Қыс-2022» оқу-жаттығу жиыны жылдағы дәстүрге сай ұйымдастырылды. Оған Түркістан қалалық азаматтық қорғау қызметтері құрылымдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы және техникалары қатыстырылды. Жалпы оқу-жаттығуға 41 техника 118 адам жұмылдырылған.

АСҚАР ӘМІРХАНҰЛЫ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫ 

Қазір республика көлемінде республикалық команданың штабтық дайындық жұмыстары өтуде. Қазір төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша әр саланың мамандары дайындық жұмыстарын пысықтауда. Түркістан қаласында төтенше жағдайларды жоюға техника толық дайын деп айтуға болады.

Шараның дайындығына өрт сөндіру, шұғыл құтқару топтары қатыстырылған. Оқу-жаттығу барысында қалалық жедел ден қою жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, болған жағдайда адамдарды және материалдық құндылықтарды шұғыл түрде құтқаруға қаншалықты даяр екендігі тексмеріледі.

ЕРІК САРЫБАЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Түркістан облысы аумағында республика көлеміндегі ең ірі төтенше жағдайлар болған еді. Арыс пен Мақтааралдағы төтенше жағдайларға куәсыздар. Сол кездерде төтенше жағлдайлар қызметкерлері атсалысты. Еліміз тынышг болсын.

Тек жаттығу кезінде ғана емес, мұндай жағдайдаларды нақты өмірде бастан кешіргендіктен құтқарушылар тосылған жоқ. Берілген тапсырмалар ойдағыдай орындалды. Құтқару қызметінің басшылары «Қыс – 2022» оқу жаттығуы жоспарға сай өткенін хабарлады.