Түркістан облысында 12 жастағы бала алғаш рет мектепке барды. Өкінішке орай, өз аяғымен емес, арбамен. Оны ұстаздары мен мектеп оқушылары арнайы сән-салтанатпен қарсы алды. Толығырақ ерекше Розахметтің ұмытылмас күніне куә болып қайтқан тілші бейнематериалында.
АЙДАНА ДҮЙСЕНБАЕВА – ТІЛШІ
Бұл жол розахметтің мектепке келіп кетуі үшін арнайы төселген. Енді 6 жыл бойы үйден оқыған оқушы мектеп қабырғасында білім алады.Ал, білім ұясына жайлы келіп кету үшін демеушілер қолдау көрсеткен.
Розахмет Сауран ауданына қарасты Шаға ауылының тумасы.Білім мен өнерге құштар. Жеткен жетістіктері де жоқ емес.Бүгінгі қуанышына дәл осы өнерге деген құштарлығы сеп болыпты. Құрылыс компаниясы оның республикалық байқауда көрсеткен өнеріне тәнті болған. Байқаудан кейін соңғы үлгідегі қол арбаны сыйға тартып, 2 аптаның ішінде мектеп пен үй арасына жол төсепті.
САЯТ СЕРІК - ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Жеткіншек туғанынан ерекше балалар қатарында. Десе де оның болашаққа деген мақсаты айқын.
РОЗАХМЕТ НАБИХАНҰЛЫ - ОҚУШЫ
Соңғы үш жылда Розахметтің дамуына ұстазының қосқан үлесі мол.Өзі информатика пәнінің мұғалімі болса да, шәкіртін түрлі қосымшалар мен үйірмелерге баулыған. Ондағы мақсаты баланың қай салаға бейім екенін анықтап, өз өзін тануына көмектесу екен.
АЗАМ ХАШИМОВ - ҰСТАЗЫ
Енді Розахмет ерекше іс-шаралар мен ашық сабақтарда мектепке қиналмай бара алады. Одан бөлек әр жұма сайын өзі сүйіп оқитын информатика сабағына қатысады. Айта кетейік, Розахмет бұған дейін түрлі республикалық ән байқауларының жеңімпазы атанған. Бұған дейін ол Астанада өткен «Арман асулары» Республикалық фестивалінде «Мейірім» атты жаңа әнінің тұсауын кесіп,1-орынды иеленген.