Биыл Түркістан облысында 11 елдімекен ауыз сумен қамтылады

68
24.11.2022 04:25

Биыл Түркістан облысында 11 елді мекен ауыз сумен қамтылады. Облыс әкімдігінде осы саладағы өзекті түйткілдер талқыланды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай аймақты ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Оның мәлімдеуінше, Түркістан облысында  831 елді мекеннің 712-сі  85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде ауыз су беру қызметімен айналысатын 32 кәсіпорын бар. Биыл 55 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 18,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 13 нысанды биыл тапсырып, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 42 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен су құбыры мүлдем жоқ 11 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 4 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылатын болды.