63 жас 1 млн теңгеге ие болды. Бұл жас прожект жобасының жастарға жасаған қолдауы. Оған Түркістан облысынан 14-29 жас аралығындағы 960 адам өтініш білдірген. Басымдық жұмыс істемейтін және табысы төмен жастарға беріліпті. Олар әуелі конкурсқа қатысу үшін идеяларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынған. Бүгін облыс орталығында бас қосып, бастаған кәсіптері мен нәтижесі туралы баяндады. Жас миллионерлермен әріптесім Жандос Тастемір тілдесіп, жобаларымен танысып қайтты.
Соңғы жылдары садақ атуға деген жастардың қызығушылығы артқан. Мамандар ол адамды мергендікке, төзімділікке үйрететінің айтады. Сонымен қатар, көз ауруларының алдын алады. Сондықтан Махамбет Сатпай оқушыларды құралайды көзге атқан сұр мерген етіп тәрбиелеп шығару туралы жобасы қолдау тапты. Бүгінгі шарада ол жебе тартудан шеберлік сабағын өткізді. Бізде қатысып, садақ атуға мүмкіндік алдық.
Одан бөлек жастар, робототехника үйірмелеріне қызығатынын байқауға болады. Мәселен, Ағадәлдің шәкірттері билейтін робот істеп шығарыпты.
Одан өзге саусағынан бал тамған аспаздар мен, ісмерлердің қолынан шыққан керемет туындылар көрменің сәнін ашты. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.
Айтпақшы, биыл облыста осы Жас прожект жобасына қатысып милионер атанған жастарымыз саны көп.
Пилоттық режим Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында жүзеге асып жатыр. Бұл аймақтар NEET және әлеуметтік осал жастардың таралуын талдау негізінде анықталды. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеге керекті құрал-жабдықтар сатып алады да, өз жобасы бойынша халыққа жарты жыл тегін қызмет көрсетеді. Алты айдан кейін қатысушылар құрал-жабдықтарды тегін өз иелігіне алып, кәсібін жалғастыра береді.