20 жыл бойы іздеуде жүрген шет елдік азамат ұсталды. Ол 2002 жылы адам өлтіргені үшін айыпталған. Түркістан облысы Полиция Департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында қылмыскер анықталды. Тәртіп сақшылары оны Жетісай ауданы аумағынан құрықтады. Погондылар ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдікті ер адам қамауға алынды.
СҰЛТАНБЕК ҮСІПБЕКОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Өзбекстан Республикасында 2002 жылдан бері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін яғни адам өлтіру дерегімен халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы Түркістан облысы Жетісай ауданы аумағында жасырынып жүрген жерінен құрықталды. Қазіргі таңда ұсталған тұлға уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.