Елдегі саяси маңызды науқан аяқталды. Халық алдағы 7 жылда ел басқаратын басшыны сайлады. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала қорытындысы бойынша, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал «Ауыл» партиясынан президенттікке таласқан Жигули Дайрабаев болса 6 кандидаттың ішінде 2-ші орынға ие болды. Оған сайлаушылардың 3,42 проценті дауыс берген. Осындай сенім артқандарға Жигули Дайрабаев өз алғысын білдірді.