Президенттік сайлауға қай өңір тұрғындары белсенді қатысқаны белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметке сәйкес, Жетісу облысының тұрғындары едәуір белсенді дауыс берген. Онда сайлаушылардың 81,42 пайызы дауыс беруге қатысқан. Сондай-ақ, көшбасшылар арасында 81,07 пайызбен Қызылорда облысы, 80,37 – Түркістан облысы 80,18 бен Абай облысы бар. Одан бөлек, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстары да жоғары белсенділік көрсеткен. Сайлауда аз белсенділік танытқан өңірлер Астана мен Алматы болды. Қалаларда азаматтардың жартысынан көбі сайлау учаскелеріне келмеген. Астанада сайлаушылардың 48,67 пайызы, Алматыда 28,72 пайызы ғана дауыс берді.