Түркістан
EN

Бірнеше елдің президенттері Қ.Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

113
22.11.2022

Бірнеше мемлекет президенттері телефон арқылы және жедел хат жолдап  Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. Ізгі тілегін білдіргендер ішінде  Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бар. Сондай-ақ Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Белорусь Президенті Александр Лукашенкода құттықтауын жолдады. Көрші мемлекет басшылары елдер арасындағы ынтымақтастық пен көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екендіктерін жеткізді.