Түркістан
EN

Катар елінде футболдан әлем чемпионаты басталды

233
22.11.2022

65 ойын. 1 жеңімпаз. Милиардтаған көрермендер асыға күтетін футболдан әлем чемпионаты басталды. Төрт жылда бір өтетін құрлықтық дода биыл Катарда өтуде. Жиырма екінші рет өткізіліп жатқан доп додасы тарихтағы ең қымбат чемпионат болмақ. 

Күні кеше 4 жылды артқа тастап милиардтаған жанкүйер  асыға күткен футболдан  әлем чемпионаты басталды. Бұл жолғы құрлықтық бәсеке ерекше сипатта өтпек. Олай дейтініміз бұған дейінгі 21 аяқ доп додасы жылдың жаз мезгілінде өткен болса, Катардағы чемпионат күз- қыс мезгілдерінде өтпек. Сондай-ақ, бұл Азия құрлығындағы 2 рет, ал мұсылман елдерінде өткелі жатқан алғашқы дода. Жанкүйерлер тарапынан Катар мемлекеті бекіткен шектеулерге наразылық әлі күнге дейін тоқтар емес. Осы мәселеге әлемдік футбол федерациясының президенті жауап берді.

ДЖАННИ ИНФАНТИНО - FIFA ПРЕЗИДЕНТІ - Біз, еуропалықтар, кейінгі үш мың жыл бойы істеген істеріміз үшін үш мың жыл бойы кешірім сұрауымыз керек. Осыдан кейін ғана біз моральдық баға бере аламыз

Асқан қызығушылқпен күткен әлемдік бәсекенің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. От шашу мен концерттік бағдарлама жанкейерлерге көтеріңкі атмосфера сыйлады. Чемпионаттың алғашқы ойыны Эль-Байт стадионында өтті. 67 мыңнан астам көрермен тамашалаған чемпионаттың алғашқы ойында Катар 2:0 есебімен Эквадорға есе жіберді. Эквадорлық жанкүйелер жеңісті ойыннан кейін қуаныштарын жасыра алмады. 

Айта кетейік, Катардағы әлемдік дода тарихта ең қымбат чемпионат болмақ. 200 млрд долларға 5 қалада орналасқан жаңа 8 стадион, оған қоса 100-ден аса қонақүйлер мен әуежайлар арнайы салынған. 65 кездесу өткізіліп, оқ бойы озып шыққан қос құрама 18 желтоқсан күні финалдық бәсекеде әлем чемпионын анықтайтын болады.