Түркістан
EN

“Мұғалімдерді BilimLand цифрлы білім беру платформасына қосылуға міндеттеп жатыр” деген ақпарат шындыққа жанаса ма?

183
21.11.2022

Компания жауабы:

Түркістан облысының мектептері білім сапасын көтеру және оның қолжетімдігін арттыру мақсатында BilimLand цифрлы оқыту платформасына 2022 жылдан бастап мемлекеттік жекеменшік әріптестік туралы Меморандум негізінде тегін қосылған. 

BilimLand цифрлы оқыту платформасы 2011 жылдан бері цифрлы оқыту технологиялары мен цифрлы форматқа өткен оқыту мазмұны арқылы білім сапасы мен оның қолжетімдігін арттыру бағытында жұмыс істейді. 

Платформа күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес оқу бағдарламасының барлық тақырыптарын толық қамтитын (барлық сыныптар мен пәндерге арналған) еліміздің үздік ұстаздарының қатысуымен жасалған цифрлы сабақтар қорынан, сондай-ақ сабақ ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыруға арналған технологиялық құралдардан тұрады. 

Ол сабақ кестесін жасақтау, күнтізбелік тақырыптық жоспар құру, БЖБ/ТЖБ жасақтау және өткізу құралдары, дайын сабақ жоспарлары мен үй жұмысын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ баға қою және белгілеу қызметтерін және басқа да білім сапасын арттыруға арналған мүмкіндіктерді қамтиды.

Аталған жүйені толыққанды пайдалану – аймақтағы білім беру сапасын қадағалауға, бағалауға және оны нақты жетілдіру амалдарын жасақтауға кең жол ашады.

Осы орайда, аймақ ұстаздарына аталған жүйеге тіркеліп, оның мүмкіндіктерін белсенді пайдалану ұсынылған.