Түркістан
EN

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

78
20.11.2022

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз таңдауын жасады. Ол Елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Аталмыш участкеге 2627 адам тіркелген.  Дауыс берген соң президент бүгін ел үшін ең маңызды күн екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл жыл оңай болмағанын, халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсергенін айтты. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар деді мемлекет басшысы. Естеріңізге салсақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын бірнешем саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынған болатын.