Ел Президентінің кезектен тыс сайлау науқанында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалған. Пандустан бөлек, әр учаскаеде арбамен оңай кіруге болатын кең кабиналар қойылған. Ал зағиптар мен көзі нашар көретін жандар үшін брайл жүйесі арқылы дауыс беруге мүмкіндіктері бар. Есту қабілетіненн айырылған жандарға сурдоаударма да іске қосылған. Мәселен, Арыс қалалық мүгедек жандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Құдайқұлов. Екі жанарынан айырылған азамат №9 сайлау учаскесіне таң сәреде келген.