Түркістан
EN

Президент сайлауында Қазығұрт тұрғындары белсенділік танытуда

114
20.11.2022

Президенттік сайлауда Қазығұрт тұрғындары да белсенділік танытуда. Аудан аумағында орналасқан 13 ауылдық округте 62 елді мекен тұрғындары президенттік сайлауда белсенділік танытуда.

Аудан аумағында орналасқан 61 сайлау учаскесі таңғы 7:00 ден бастап дауыс берушілерге қызмет көсетуде. Өз таңдауын жасаушылардың қарасы қалың. Солардың бірі саяси шарадан шет қалмаған Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев 

Балабек Ақнұр үшін бүгінгі күннің маңызы бөлек. Алғаш рет президенттік сайлауға қатысқан ол өз таңдауының ел үшін маңызын жете түсінемін дейді. Сондай-ақ нәзік жанды жастардың саяси шарадан шет қалмауы қажет екенін айтады.

Естеріңізге сала кетсек ауданда орналасқан №280 сайлау учаскесінде 1 сағат ішінде 212 адам дауыс беріп үлгерді.