Cайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ ұсталды. Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген. Қылмыстық жоспарлар тұрақты кездесулер барысында талқыланып отырған.
Топ мүшелері "Молотов коктейльдерін" жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуылдауды жоспарлаған. Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар — Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтықтары, оқ-дәрілер мен "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтықтағы бөтелкелер, бензин құйылған канистралар мен рациялар сақтаған. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, азаматтық нысандарға қару мен тұтандырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды. Күдіктілер қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге өзге мәлімет жариялауға жатпайды дейді.