Соңғы 3 жылда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына Түркістандық 1200-ден астам кәсіпкер өз мәселесін айтып шағымданған. Келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі ауылшаруашылығы саласына қатысты. Осындай мәселелерді шешу мақсатында бүгін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсінов Түркістан облысының кәсіпкерлерін жеке-жеке қабылдады. Одан бөлек жиынға Атамекен кәсіпкерлер палатасы, облыстық прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен бірнеше басқарма өкілдері қатысты.
Жиналған Кәсіпкерлердің басым көпшілігі жер мәселесімен келген. Мәселен кәсібін жаңадан бастаған Ақжол Нұрлыбаев Шымкенттен арнайы келіпті. Ол өзінің Қазығұрт ауданында орналасқан шаруа қожалығын барлық талаптарға сай, әрі жерді тиімді игеріп жатырмын дейді. Дегенмен, басқарушы органдар негізсіз жерді алып қоямыз дейтін көрінеді.
АҚЖОЛ НҰРЛЫБАЕВ – КӘСІПКЕР - ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРЕК ДЕП БАСҚАРУШЫ ОРГАН КӨП КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖЕРІН АЛЫП ҚОЙЫП ЖАТЫР. СОЛ ТІЗІМГЕ БІЗДЕ КІРІП КЕТІП ЖАТЫРМЫЗ. ҚҰЖАТ БӘРІ ДҰРЫС. МЕН ӨЗІМНІҢ ЖЕРІМДІ ҚОРҒАУҒА КЕЛДІМ. ӘДІЛДІК ІЗДЕП КЕЛДІМ. ШЕШЕІЛІП КЕТЕДІ ДЕГЕН ОЙДАМЫН.
Жауаптылар осыған ұқсас біршама мәселенің шешімі бар екенін айтты. Астанадан арнайы ат басын бұрған "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров те кәсіпкерлердің құқығын мейлінше қорғауға тырысатынын жеткізді.
ЕРБОЛ ӨСТЕМІРОВ - «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - ОСЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЙМЫЗ. КЕСТЕГЕ ОТЫРҒЫЗАМЫЗ. ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫНА ЖАЗАМЫЗ. СОЛ ЖАҚТАН ТАПСЫРМА ТҮСКЕН КЕЗДЕ МАМ.ОРГАНДАР ТЕЗІРІЕК ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ. МЕНІҢ ОЙЫМША ПРОБЛЕМАЛЫРДЫҢ КӨБІСІ ШЕШІЛЕДІ ДЕП ОЙЛАЙМЫЗ.
Жыл басынан бері Түркістан облысының Кәсіпкерлері тарапынан Атамекен кәсіпкерлер палатасына 83 өтініш келіп түскен. Оның 33-і оң шешім тауып, 12 млрд теңгеге жуық сомаға кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалыпты.