Шымкенттік полицей бала-бақшадағы 25 бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды. Тілсіз жау әуелі көрші үйден басталған көрінеді. Көп ұзамай жалыны бала бақша тиіп, ғимарат өртке оранған. Оқиға орнына ең алдымен, сол әкімшілік аумаққа қарасты учаскелік полиция инспекторы келіп жетеді. Полиция капитаны Тимур Құрмашов өртке оранған ғимаратқа бірнеше қайтара кіріп, лапылдаған оттың ортасында қалған балаларды сыртқа шығарып үлгерген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.