Түркістан
EN

Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалады

142
16.11.2022

Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалады. Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval көліктерін шығаратын зауыттардың жұмысымен танысты. Қасым Жомарт Тоқаевақа жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.