Түркістан облысында партиялық емес байқау орталығы 1800-ге жуық байқаушыны даярлады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев айтты. Оның сөзінше, президент сайлауы кезінде Түркістан облысында 893 сайлау участкесінде байқау жұмыстары жүргізіледі. Орталық сайлауға мониторинг жүргізу бойынша қыркүйек айынан бастап 40-тан астам іс-шара өткізді. Сайлау уақытында ақпараттарды тиімді басқару және қағазбастылықты азайту мақсатында арнайы блокноттар барлық байқаушыларға үлестірілген.