Азық түлік бағасы шарықтап барады. Оны ұстап тұруға әкімдердің қабылдап жатқан шаралары жеткіліксіз. Бүгін үкімет отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайлов осылай деді. Бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек деді ол. Барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өсім бар. Ал, ең төмен өсу қарқыны - Ұлытау, Абай және Маңғыстау облыстарында. Тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту қажет. Өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы қажет. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс», - дейді премьер-министр.