Түркиялық компания Түркістанда ірі өндіріс орнын ашуға ниетті. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды компания басшыларымен онлайн режимде келіссөз жүргізіп, жобаларды талқылады. Келіссөзге «Işiklar Holding» компаниясының бас директоры Волкан Гиришкен, компания жетекшілерінің бірі Хусейн Ока және Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы да қатысты. Облыс әкімі Түркістанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалатындығын жеткізді. Кәсіпкерлер бұл жобаға 12 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Оның бірінші кезеңінде 5 млн. доллар көлемінде инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамту көзделген.