Келес ауданында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары. Биыл егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 26,3 мың гектарға кеңейген. Ал бақша дақылдарының үлесі 541,9 мың тоннаға артқан. Сондай ақ, мұндағы шаруалар интенсивті бау шаруашылығын қолға алған. Осы мақсатта қожалық иелері Өзбекстан Республикасының жергілікті шаруаларының тәжірибе алмасты. Ондағы мақсат егін егудегі тың технологияларды меңгеріп, инвесторлар тарту.
АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ – КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылық саласы. Ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі қазіргі таңда 50,1 млрд теңгені құрап отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 6 млрд теңгеге артып отыр. 03/17 Көкөніс, картоп және бақша дақылдарынан жалпы 541,9 мың тоннаға немесе 122 пайызға өсіп отыр. Сонымен бірге астық 34,5 мың тонна.
Ал аталған ауданда құқықбұзушылық фактілері де аз емес. Бұл туралы Келес ауданының әкімі өңірлік коммуникация отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде 9 айдың қорытындысы бойынша 205 құқықбұзушылық тіркелген. Жалпы бұл қылмыстардың 89-ы ауыр және аса ауыр қылмыстарға тиесілі.