Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынан құнды тарихи жәдігерлер табылды. Айқожа ишан ұрпақтарының қолында сақталған қырыққа жуық көне кітаптар мен бабадан қалған жәдігерлерді күні кеше көпшілікке таныстырылда. Ескі кітаптардың арасында Құран Кәрім, Салауаттар, фиқһ кітаптары, Хикметтер, Азим қожа хикметтері, Румидің жырлары, дұғалар, тағы басқа ислам ғұламаларының жазбалары бар.
Ақмешіт. Түркістаннан 1 сағат қашықтықта орналасқан киелі мекен. Бүгін мұнда ерекше көрме ұйымдастырылды. Мұндағы әр жазба мен жәдігер тарихтан сыр шертеді. Дінді дәріптеген Айқожа ишанның бүгінгі ұрпақтарында көненің көзіндей 50-ден астам көпшілік білмейтін жәдігер бар. Олардың бірі 18 ғасырда жасалған киіктің мүйізінен жасалған таспих. Қазақ жерінде ислам діні берік болғанына байланысты сыр шертеді.
МҰЗАФАРХАН ӘЛІБЕТОВ - КӨНЕ ЖӘДІГЕР ИЕСІ - Ал мына қоңыр түсті шапан 19 ғасырдан бері сақталған. Кез-келген ауа-райына қолайлы киім. Су мен суық өтпейді дейді-сексеннің сеңгіріне келген қария. Көзінің қарашығындай сақтаған ақсақал бұл киімді ұрпағына мирас ретінде қалдырмақ.
Ескі кітаптардың арасында Құран Кәрім, Салауаттар, фиқһ кітаптары, Хикметтер, Азим қожа хикметтері, Румидің жырлары, дұғалар, Қуаныш Баймағанбетов ақынның, тағы басқа ислам ғұламаларының жазбалары бар. Қырыққа тарта құнды кітаптарды шығыстанушы ғалым Сайпулла Моллақанағатұлы, ескі жазу оқушы Қадыр Оразбайұлы, филология ғылымдарының кандиаты Нұрлан Мансұров оқып зерттеуде.