Түркістан
EN

Заңсыз сыйақы алғандар жазаланады

68
15.07.2021

Заңсыз сыйақыны алғандарда оны беруші де қатаң жазаланады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев осылай деді.  Келес ауданында жұмыс сапарымен барған төраға мұнда мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесіп, ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндағы мақсат- азаматтардың бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу. Алқалы жиында сөз алған штаб төрағасы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында агенттікпен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жаңа әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.