Түркістан
EN

Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтті

85
14.11.2022

Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылданады. Бұл құжат бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге және тұрақтылық белдеуін нығайтуға ықпал етпек. Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Жиында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан көлік-логистика саласын дамытуға тағы 20 миллиард доллар инвестиция тартатынын жеткізді. Түркітілдес халықтарды құрлық ішіндегі көлік-транзит дәліздерін дамытуға шақырды. Президенттің пікірінше, соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр. Сондықтан Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды.

ҚАСЫМ – ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: "Қазіргі алмағайып кезеңде транзит-көлік коммуникациясының әлеуетін арттыру және оның мүмкіндігін барынша пайдалану аса маңызды. Себебі, біздің мемлекеттеріміз Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті тікелей байланыстырады. Бауырлас үш ел арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – соның жарқын мысалы".

Президент түркі елдерінің рухани дереккөздерін зерделейтін жобаларға ерекше көңіл бөлу керек деп санайды. Сондай-ақ биыл Түркі академиясы Моңғолияда жүргізген қазба жұмысының нәтижесінде маңызды жаңалық ашқанын, екінші Түркі қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешенін тапқанын айтты. 

ҚАСЫМ – ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Биыл Түркі академиясы Моңғолияда жүргізген қазба жұмысының нәтижесінде маңызды жаңалық ашты. Екінші Түркі қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешенін тапты. Бұл – «түркі» деген сөзі бар ең көне жазба ескерткіш. Осы орайда, Мен Түркі халықтарының ортақ жазба мұрасын зерттеуге арналған «жол картасын» әзірлеуді ұсынамын»

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің декларациясы, Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы. Одан өзге, түркі инвестициялық қорын құру туралы шешім. Жиын соңында ұйымға төрағалық ету міндеті Өзбекстан Республикасына берілді. Бұдан бөлек, ұйымның бас хатшысы лауазымын атқару кезегі Қырғызстан өкіліне өтті. Сондай ақ, 2023 жыл түркі өркениетін дамыту жылы болып жарияланды.