Желтоқсан айынан бастап Кувейттен Түркістанға тікелей рейстер ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті. Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады. Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек дейді мамандар. Сондай-ақ әуежай алдағы уақытта тағы бірнеше мемлекетке әуе рейстерін қосуды жоспарлап отыр.
ІЛИЯС НҰҒМАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ӘУЕЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Қазіргі кезде Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп, Тбилисиге, Анталияға, Мәскеуге әуе рейстерін ашпақ ниетіміз бар. Сосын көршілес Өзбекстанның Самарқанд, Ферғана қалаларына да тұрақты рейстер ашу жоспарлануда.
Ішкі туризмді дамытуда жаңа қарқын алған қала ең әуелі әуежайымен ерекшелентіні анық. Хазірет Сұлтан әуежайы ашылғалы бері туристердің келуі жиілеген. Екі жыл ішінде 620 мыңға жуық жолаушы тасымалданыпты. Қазір ішкі рейстерге жататын еліміздің 7 қаласынан бөлек бұл әуежайда Ыстанбұл бағытында тұрақты рейстер бар.