Түркістан
EN

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді

200
11.11.2022

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Қазақ полициясының 30 жылдығы аясында жасалып жатқан бастама өңір тыныштығын жіті бақылауда ұстау үшін аса қажет. Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатады.

Түркістанда ескі қызметтік көлікпен жүрген полицейлерді көрмейсіз. Жаңа көліктер тәртіп сақшыларының жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуіне сеп болмақ. Автокөліктердің басым көпшілігі яғни 94 бірлік транспорт патрулдік полицейлерге берілді. Ал, уақытша ұстау изоляторына-12, учаскелік инспекторларға-64, аудандық тергеу бөлімдеріне-17 бірлік автокөлік үлестірілді. Сондай-ақ қала және аудандар автобустармен қамтамасыз етілді. 

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырған болатын. Бұл бағыта Түркістан облысында нақты жұмыс бар. Қазіргі таңда Түркістан қаласында  Полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын.

Жаңа темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациялар толық қондырылған. Сондай-ақ ЖПС қондырғысы арқылы қызметтік көліктердің қай бағытта жүргені анықталатын болады. 

МЕРУЕРТ ӘБДІҚАДЫРҚЫЗЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Жыл басынан бері 90 ескі көлік есептен шығарылды...

Автокөліктерді тәртіп сақшыларына ресми тапсыру шарасында өңір полциейлерінің саптық байқауы өтті. Тексеру барысында қызметкерлердің қызметтік куәліктері мен қысқа дайындықтары анықталды. 

АСЫЛХАН ТӨРЕХАНОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПД-НІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Саптық сараптау барысында ешқандай ереже бұзушылық байқалмады...

Тәртіп сақшыларының мемлекет пен қоғамдағы дәрежесі әрқашан жоғары болу қажет. Ол үшін полицейлердің жұмысына барынша басымдық берілмек. Сондықтан биыл жыл соңына дейін Түркістан облысының полиция департаментіне жаңа ғимарат берілетін болады.