Созақ ауданы, Таукент кентінде төрт бірдей балалар ойын алаңшасы ашылды. Сондай-ақ «Атомшылар алеясы» мен «Street workout» алаңы ел игілігіне берілді. Игі бастама уран экспортымен айналысатын компанияның халыққа жасаған алғашқы жақсылығы емес. Бұған дейін Созақта бірнеше әлеуметтік нысан мен спорттық алаңша дәл осы серіктістік арқасында бой көтерген. Компания басшылығы келесі жылы тағы да ел игілігі үшін бірнеше жоба әзірлеп жатырмыз дейді.
МҰХАМЕДХАНАФИЯ БАҚЫТЖАНҰЛЫ - «KAZATOMPROM-SAURAN» ЖШС ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Біздің мекеменің бұл тартуы компанияның 25-жылдық мерейтойына қарсы ашылды...