Түркістан
EN

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды

336
10.11.2022

Түркістанда жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. 2018 жылы ашылған мектепте осы уақытқа дейін 90-нан аса студент тәрбиеленіп, оның тоғызы мемлекеттік қызмет атқаруда. Солардың бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің түлегі - Елбасы Ыдырысұлы. Оқу ордасында 5 жыл түрік квотасының иегері атанған студент мемлекеттік басқару мамандығын тәмәмдаған. Аталған мектептен білім алған студент бүгінде Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жетекші маманы.

ЕЛБАСЫ ЫДЫРЫСҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ - Болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастарға бұл үлкен мүмкіндік. Сондықтан студенттерді жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушысы болуға шақырамын.

Шара облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұйымдастыруымен болды. Жиынға оқу орданың студенттері белсене қатысып, мемлекеттік қызметке қызығушылығын білдірді. Ұйымдастырушылар жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне соңғы курс студенттері жұмылдырылып отырғанын айтады.

ӨРКЕН БАЛАЖАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ - Қазіргі уақытта осы мемлекеттік қызмет мектебінің әлеуетін кеңейтіп, жұмысын жетілдіру ойымызда бар. Сол мақсатта мынау студенттермен кездесіп мектептің мақсаты оның негізгі бағыты қандай? Сол туралы түсіндіру болып отыр.