Түркістан
EN

Ардагерлер мәселесі қаралды

106
15.07.2021

Бүгін Түркістанда өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің әлеуметтік қорғалуы  жөнінде жиын өтті. Баспасөз барысында ауған, Чернобыль, тәжік-ауған шекарасындағы ардагерлердің мәселесі тыңдалды. Бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілген оларға материалдық тұрғыдан көмек көрсетілуде. Одан өзге, бірінші, екінші және үшінші топ мүгедектері санаторияға баруға мүмкіндік қарастырылған. Ал басқа ардагерлер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына барып, тегін ем қабылдай алады.  Айта кетейік, биыл Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 32 жыл, Чернобыль апатына – 35,  тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа 26 жыл толды.