Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаcына Ұлбритания және Ресей елдерінен белгілі ғалым-профессорлар келіп шеберлік сағатын өткізді. Дәрігерлер диагнозы қиын науқастармен кездесіп, әр жағдайды жеке қарастырды. Жалпы білікті мамандарға қаралу үшін 50-ге жуық қала тұрғыны келген.
Шеберлік сағатында Ұлбритания ресей елдерінен невропатолог профессорлар келіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ диагнозы күрделі деп танылған науқастарды қарап, оларды қалай емдеу қажеттігін айтты. Шетелдік мамандардың науқастарды қарап, оларға кеңес бергеніне туыстарыда дән риза.
Айта кетейік ақ халаттылардың айтуынша бүгінде неврологиялық аурулар мен тіркелгендердің қатары көбеюде. Дерттің 90% жүйке жүйесінің бұзылуынан болады екен. Жүйкесі жұқарған адамның өмір сүруге деген құлшынысы азаяды дейді ғалымдар. Ал отандық дәрігерлер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу науқастарды емдеуде үлкен септігін тигізетіне сенімді.
Қорыта айтқанда бүгінгі шеберлік сабағы ақ халаттылардың білім алуына ғана емес, науқастардың емделуіне де үлкен мүмкіндік болды. Алдағы уақытта осындай игі шаралар жалғасын таппақ.