Түркістан
EN

Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты

136
09.11.2022

Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия ойындарының 7 күні өз мәресіне жетті. 7 қараша күні рингке 7 споршымыз шыққан болса, олардың жетеуіде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ұлттық құрама сапында барған 24 былғары қолғап шеберлерінің 21 жартылай финалда ел намысын қорғайтын болады. Олардың арасында Түркістан облысының өрендері – Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай да бар. 9 қараша күні финалдық жолдама үшін таласқа 9 батыр қыздарымыз шығатын болса, 10 қараша күні жартылай финалдық бәсекеде 12 салмақ бойынша ерлер қауымы қарсыластарымен мықтыларды анықтайтын болады.  51 келі салмақта қос бірдей әлем чемпиондары өзара жұдырық түйістіреді. Жерлесіміз Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы жапондық Томоя Цубой Белградтағы әлем чемпионатында 54 келі салмақта чемпион атанған болатын. Ал, Сағындық Тоғамбай жарыс қожайыны иорданиялық Одаи Рияд Адеальхиндавимен финалдық жолдаманы сарапқа салады.