Түркістан
EN

ЖСН арқылы сайлау учаскеңізді анықтаңыз

277
09.11.2022

Кезектен тыс Президент сайлауына 12 күн қалды. Ал, сіз өз сайлау учаскеңіздің қайда орналасқанын білесіз бе? Үйден шықпай-ақ, өз дауыс беру орныңызды анықтай аласыз. Бұл үшін облыс әкімдігі арнайы сайтты іске қосты. Облыстың кәмелеттік жасқа толған кез-келген тұрғыны tur.saylaw.kz сайтына кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын біле алады. Тағы бір жолы интернеттің қажеті де жоқ. Бар болғаны телефоннан 109 нөміріне кез-келген уақытта қоңырау шалып,  ақпарат алсаңыз болады. Ал, сайлау учаскеңізді таппасаңыз, сайтта көрсетілген аудан, қалалардағы сайлауға жауапты тұлғалардың байланыс телефондарына хабарласып, қажетті мағұлматқа қол жеткізесіз.